Жұмыспен қамту

Ұлттық жобалар жүзеге асады

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген болатын. Осы бағдарлама арқылы мемлекет тарапынан субсидияланатын төмендегідей жоба түрлері жүзеге асырылуға тиіс еді.

Олар: жастар практикасы; алғашқы жұмыс орны; ұрпақтар келісімшарты; әлеуметтік жұмыс орны; «Күміс жас» жобасы.

2022 жылы жастар практикасы 25 адамға жоспарланып, бүгінге дейін 12 жас маман жұмыс тәжірибесін алып жатыр. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама 15 адамға жоспарланған болса, жыл басынан бері шаруа қожалықтарына, кәсіпкерлерге 21 адам жолданды. Бес адамға жоспарланған «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша үш адам жұмыс істеуде. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 169 адам жіберу жоспарланған еді, бүгінге дейін бұл жұмыстарға 227 адам жіберіліп отыр.

«Техникалық-кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында жұмыс берушілердің тапсырыстары негізінде қысқа мерзімді курс арқылы 49 адамды оқыту жоспарланған болатын. Үстіміздегі жылдың 16 мамырынан бастап 15 адам «Күршім білім беру мекемесінің кәсіби-техникалық оқу орталығы» ЖШС-інде тракторшы-машинист мамандығы бойынша оқытылуда.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы арқылы 2022 жылы ауданға еңбек күші артық өңірлерден 26 адамы бар 10 отбасын және шетелдерден 19 адамы бар 9 отбасын көшіріп әкелу жоспарланған еді. Қазірге дейін Алматы облысынан 3 адамы бар 1 отбасы, Қытай Халық Республикасынан 4 адамы бар 1 отбасы қоныс аударды.

Хасен Зәкәрия    

Күршім ауданы.

 

Осы айдарда

Back to top button