Қоғам

Ұлттық басылым күні бекітілді

Елімізде 2 ақпан – Ұлттық басылым күні болып бекітілді.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрған “Қазақ” газетінің алғашқы нөмірі осыдан 110 жыл бұрын, 2 ақпан күні жарық көргені белгілі. Алаш ардақтыларының қолтаңбасы қалған газет ұлттық ренессанстың қайнар көзіне айналып, халқымыздың ақыл-ойын, сана-сезімін бөлек арнаға бұрды, – деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Естеріңізде болса, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен еді.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button