ТОПШаһар шаруашылығы

Үлбі жағалауында көлемі 5 гектар болатын саябақ салынады

Спорт сарайынан Шәкәрім даңғылына дейін заманауи әрі экологиялық демалыс аймағы салынбақ .

Бұл туралы қала әкімі жұмыс сапарымен қала көшелерін аралау барысында айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қазір аталмыш орындағы жұмыс қарқынды жүруде.

-Мұнда толығымен жаңа көше салынуда. Үлбі көпірінен шәкәрім даңғылына дейін төрт жолақты жол саламыз. Жаяу жүргіншілермен қоса велосипедке арналған жол, автотұрақ болады. Қала тұрғындарының жайлылығы үшін барлығы жасалады. Осы ауданда Жамбыл, Қасым Қайсенов, Металлург саябағы сияқты аумағы юес гектар болатын үлкен саябақ орналасады, -деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Жаңа демалыс аймағында үш каскадты және бір құрғақ субұрқақ орнатылмақ. Сонымен қатар, әр түрлі ағаштардан 600 түп отырғызылады. Жастар үшін Ойын алаңы, спорт аймағы мен жеңіл тамақтану орындары да болады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button