Ұлан ауданында облыстық «JAYDARMAN» ойыны өтеді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «30 жұлдызды күн» жобасы аясында Ұлан ауданы әкімі кубогінің облыстық «JAYDARMAN» ойыны өтеді.
Облыстық жайдарман ойындарына кез-келген 17-35 жас аралығындағы командалар қатыса алады.
Ойын екі кезеңнен тұрады:
1. Сәлемдесу (10 минуттан аспау керек);
2. Жанбату («Жаңа толқын жастары» тақырыбында биатлон).
Қойылатын талаптар:
1. Ойын барысында командалар ойын шарттарын бұлжытпай орындауы тиіс;
2. Команда ойынға біркелкі киім үлгісімен шығу керек;
3. Команда атауы қазақша, мәнді, әдепті болуы.
Жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қатысуға өтінімдер Ұлан ауданының Жастар ресурстық орталығының tsentormol.ulan@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байланыс телефоны: 8 (72338) 28-133.
Өтетін күні, уақыты: 10.12.2021 жыл, сағат 18.00-де
Өтетін орны: Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті, «Аудандық мәдениет үйі»