Ұлан ауданында халыққа арналған семинар өтті
![](https://didar-gazeti.kz/wp-content/uploads/2023/12/7-kyrkuyek-780x470.jpg)
Ұлан ауданы, Герасимовка ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасы шеңберінде «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кездесу және халыққа арналған оқыту семинары өтті.
Іс-шараға қатысқан Ұлан ауданының тұрғындары елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралармен танысып, күнделікті өмірден алынған тәжірибелердің арқасында өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Аталмыш іс-шара Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасының шеңберінде «Антарес А» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды.