ТОП

Үйдің төлқұжатын қалай қалпына келтіруге болады?

Ержан Әбіш

Егер құжатыңыздың қағаз нұсқасы жоғалып немесе жарамсыз болып қалса, уайымдамаңыз. Цифрландырудың арқасында қазір кез келген құжатты қалпына келтіру оңай.

Айталық, жылжымайтын мүлік техникалық паспортының төлнұсқасын, яғни дубликатын екі тәсілмен қалпына келтіруге болады – eGov порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) арқылы.

– Еgov.kz порталы арқылы төлнұсқа алуға өтінім беру үшін электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен авторизациядан өтіп, іздеу жолағына «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының төлнұсқасын беру» қызметін жазасыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтінімді толтырасыз және оған ЭЦҚ-мен қол қоясыз. Ары қарай «Төлеу» батырмасын басып, төлем жүргізесіз, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Мөлдір Зәруетқызы.

Жеке кабинетке сұратылған құжаттың дайын екені туралы хабарлама келіп түскен соң, сіз оны көрсетілген ХҚО-дан алып кете аласыз немесе құжатты үйге дейін жеткізу сервисін пайдаланыңыз.

Құжат жылжымайтын мүлік объектісінің ауданына байланысты 1-3 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Осы айдарда

Back to top button