COVID-19 

Үйден шығарда маска тағыңыз, әйтпесе…

ШҚО-да шектеу шараларын бұзу бойынша 35 жағдай анықталды

Ең жиі тіркелетін ереже бұзушылық – маскалық режимді сақтамау.
Дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйымдар мен басқа да нысандарға барғанда, сондай-ақ, қоғамдық көліктерде медициналық маска тағу – міндетті талаптардың бірі. Бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу үшін қажет.
19 ақпанда Өскеменде 8 ереже бұзу фактісі тіркелді. Aнықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынды. Жалпы көлемі – 131 265 теңге.
Семейде маскалық режимді бұзудың 16 жағдайы анықталған. 510 475 теңге болатын 5 хаттама толтырылды. Жалпы көлемі 262 530 теңгені құрайтын 6 айыппұл салынды.
Бесқарағай ауданында маскалық режимнің сақталмауы бойынша 1 факті анықталды.
Глубокое ауданында маскалық режимді бұзуға қатысты 3 жағдай тіркелді. Айыппұл – 131 265 теңге.
Шемонаиха ауданында – 2 ереже бұзу фактісі. Айыппұл азық-түлік дүкендерінде жеке тұлғаларға салынып отыр.
Курчатов қаласында кәсіпкерлік нысандарын тексеру барысында 1 бұзушылық анықталды.
Жарма ауданында 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button