Қоғам

Үйден мүлдем шықпау керек

Өңірде коронавируспен ауыратын адамдармен байланыста болған тұрғындарды қадағалау шаралары күшейтілді. Енді олардың оқшаулануы әр екі-үш сағат сайын тұрғылықты жері бойынша тексеріледі.

– Адам коронавируспен ауырған жағдайда, алдымен онымен байланыста болған тұлғалар анықталады. Мобильді топтар мен учаскелік полиция қызметкерлері оларға ПТР тест алғанға дейін (мемлекет есебінен) үш күн бойы қатаң карантинді сақтау керектігін, яғни үйден мүлдем шықпауды  ескертеді. Бұл күндері оларды жергілікті өзін-өзі басқару комитеті мен учаскелік полиция қызметкерлері бейнеқоңырау шалу немесе әр екі-үш сағат сайын келу арқылы тексереді. Егер адам үйінде болмаса, оған материал жиналады, көршілермен  сөйлесіп,  хаттама санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жіберіледі. Онда санитарлық ережелерді бұзғаны үшін айыппұл салынады, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Азамат Иманжанов.

Тестілеуден кейін, егер нәтиже теріс болса, қатаң карантин алынып тасталады, бірақ адам он төрт күн бойы оқшаулануы тиіс. Қазір облыс орталығында 159 адам қатаң карантинде.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button