Қоғам

Үш мамандықты меңгереді

Маусым айында глубокоелықтар үшін тракторшы, шаштараз және маникюрші мамандарды даярлайтын қысқа мерзімді курстар басталады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Наталья Ушакованың хабарлауынша, қысқа мерзімді кәсіби курстардағы оқыту ұзақтығы алатын мамандықтың ерекшелігіне қарай 1-ден 6 айға дейін созылатын көрінеді.

– Аталмыш оқу курстарынан 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне байланысты емес жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар, жұмыстан қысқарғандар және қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген аудан тұрғындары өте алады, – деді Наталья Ушакова.

Оның айтуынша, аталмыш курстардан өткен азаматтарға алдағы уақытта тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік туатын көрінеді. Қоса кетсек, курстан өтуге тілек білдіруші өтініш беру кезінде қабылдаушы органға жеке куәлігінің, еңбек кітапшасының, білімі туралы құжаттың көшірмелері мен 086-у форматындағы медициналық анықтамасын тапсырады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button