COVID-19 ТОП

Үш баладан ковид анықталды

Республика аумағында коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны бәсеңсіп келе жатқанымен, облысымызға қатысты соңғы мәлімет әлі де сақтық қажет екенін көрсетеді. Өткен  тәулікте облыс аумағында ковид инфекциясын жұқтырған 31 науқастың үшеуі он төрт жасқа дейінгі балалар, 17-і алпыстан асқан жандар.

Бірінші шілдеден 16 тамызға дейін өңірде барлығы 696 жаңа жағдай анықталған болатын, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 97,1. Науқастардың 84% пайызы Өскеменде тіркелген.

– Өңірдегі инфекциялық төсек қорының қамтылуы 2,9% -ды құрайды. Ал аурушаңдықтың өсім  қарқыны облыста бір тәулік ішінде 4,7%-ды құрады. Бір тәулікте облыс аумағында ковид инфекциясының 33 жаңа  ошағы, науқаспен байланыста болған  тағы тоғыз адам анықталды. 262 инфекция  ошағы мен  байланыста болған 125 адам әлі де бақылауда, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Ресми мәліметтер ковидті жұқтырудың көрсеткіші елімізде біртіндеп төмендеп келе жатқанын көрсетеді. Бір күн бұрын жаңа жұқтырғандардың саны 930 адам болса, бүгін бұл көрсеткіш 140 науқасқа аз. Пневмониямен ешкім ауырған жоқ. Ковид пен пневмониядан болатын өлім де тіркелмеген. Еліміздің барлық қалалары мен өңірлері – қауіпсіз  «жасыл» аймақта. Дегенмен, жұқпалы дерттің ушығып тұрған жері – Нұр-Сұлтан  қаласы, онда вирус жұқтырған 178 адам тіркелді. Екінші орында тау-кен аймағы – Қарағанды облысы тұр, онда159  адам  жұқтырған.  Алматыда – 79, Алматы облысында – 18, Шымкентте – 7 жаңа жағдай анықталды. Ақмола облысында 80 адамда  ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен. Елдің шығысында коронавирус 31 тұрғында расталды. Батыста – 42 жаңа жағдай. Қостанай облысында – 29 пациент, Павлодар облысында – 52 пациент. Бүгінгі таңда ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында, онда бір ғана жағдай анықталды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 1 453 адам коронавирустық инфекциядан айықты. Елімізде жазылғандардың жалпы саны – 1 343 031 адам.

16 тамыздағы жағдай бойынша ел көлемінде 22 272 адам КВИ-дан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 1 191 пациент, амбулаториялық деңгейде 21 764 пациент емделіп жүр. 26 пациент – ауыр халде, 9 науқас – аса ауыр халде және 6 пациент  ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Айна Ескенқызы

 

Осы айдарда

Back to top button