Қоғам

Үш балабақша салынады

Биыл Семейде жалпы ауданы 449,3 мың шаршы метр 4967 пәтердің құрылысы жоспарланған. Жалпы құны – 57,8 миллиард теңге.

Олардың ішінде көппәтерлі үй – 75, несиелік үй – 38, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үй – 2, коммерциялық үй – 35. Сондай-ақ жеке инвесторлар мен тұрғындар есебінен жер үйлер салу жоспарлануда.

– Құрылыс бөлімі Қарағайлы ықшам ауданындағы 1200 орындық, Водный кентіндегі 600 орындық екі мектептің, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде үш балабақшаның жобаларын әзірлеуде. Қарағайлыда 320 орындық балабақша құрылысы жоспарлануда, инвесторы – «Сәт Транс» ЖШС. Әзірленіп жатқан жобаның құны – 1270 миллион теңге. Восход кентінде 140 орындық балабақшаның құрылысы жоспарда бар. Инвесторы  – «Азия фирмасы» ЖШС, жоба құны – 800 миллион теңге. Бұл жоба да әзірленуде. Бобровка кентінде 320 орындық балабақша бой көтереді. Инвесторы – жеке кәсіпкер А.Салқынбаев, жоба құны – 1270 миллион теңге, – деді Семейдің коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Сұңғат Аманбеков.

Сонымен қатар биыл құрылыс бөлімі Ұшақтар кентіндегі 210 төсек-орындық жұқпалы аурулар ауруханасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша «ИНСОН» ЖШС-мен меморандум жасайды.

 Флора Левина, Семей.

Осы айдарда

Back to top button