Қоғам

Үржарда «No way no waste» тұңғыш рет өтті

Эко акция

Үржар ауданында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы аясында  «No way no waste»  атауымен қайта өңделетін шикізатты жинау бойынша алғашқы экологиялық акция өтті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан эко жәрмеңкені қолдауға көптеген жастар   келді.

Эко акциясының басты мақсаты – жастар арасында тәрбие жұмысын жүргізу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, экологиялық білім беру.

– Мен бұл акцияға бірінші рет қатысып отырмын. Негізі мұндай акцияны жыл сайын жастарды экологияны қорғау тұрғысында тәрбиелеу үшін ұйымдастырып отыру қажет, – дейді Jas Otan Жастар қанатының белсендісі Гүлім Чаки.

Үржар ауданындағы Jas Otan ЖҚ-ның төрағасы Фархат Сүлейменовтің бастамасымен қолға алынған акция барысында үздік  жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button