ТОП

Үржар әуежайы маусым айында іске қосылады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Шығыс Қазақстанның туристік орталығы саналатын Үржар ауданының тұрғындарымен кездесті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өсіп келеді, әсіресе агросектор, шағын және орта бизнес саласында.

Тұрғындар елді мекендерді, әсіресе шекара маңындағы округтерді интернетпен қамтуда мәселе барын айтты.

– Біз қосымша мұнаралар мен антенналар орнатуды қарастыратын облыстық бағдарламаны іске қосамыз. Комиссия мәселені зерттеп, жоба дайындауда. Проблема жақын арада шешіледі. Бұдан басқа, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жалғастырамыз, биыл ауылдарға баса назар аударылады. Бос жатқан жерлерді жайылымға қайтару мәселесі – тұрақты бақылауымда. Жайылымдар туралы заңға сай жергілікті билік халық мұқтажы үшін жерді мемлекет меншігіне алуы мүмкін, – деді облыс әкімі.

Маусым айында Үржар әуежайын жөндеу аяқталып, әуе қатынасы іске қосылады. Бұдан басқа, балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жеке ғимараты салынуы ықтимал.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button