Әуеден бақылау жүргізу тапсырылды
Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына байланысты кеңес өткізді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жұмылдыру дайындығы басқармасының басшылары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Су тасқынының алдын алу шаралары облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Аталмыш құжатта су тасқыны қаупі бар 35 аймақ бойынша су тасқынының алдын алу шаралары мен атқарылу мерзімі көрсетілген. Жауапты мекемелер тарапынан барлық жұмыс жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар қардың еруі әуеден бақылауға алынып, гидротехникалық қондырғыларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаменті мен жұмылдыру дайындығы басқармасының басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Жақын арада тиісті басқарма мамандары облыстағы су қоймаларын әуеден бақылап шықпақ. Сондай-ақ, Шүлбі су қоймасының қазіргі жағдайына арнайы сараптама жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі