Қоғам

Түйемойнақта 400 түп көшет отырғызылды

Түйемойнақта 400 түп  көшет отырғызылды

Семей қаласындағы Түйемойнақ аралында облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабы мен Семей электротехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Менің сүйікті мекенім» атты сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке қала әкімінің орынбасары Н.Шарова, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Жамалитдинова, «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы А.Нұғымаров, Семей қалалық прокуратурасы, \”Семей орманы\” мемлекеттік орман табиғи резерваты\”, қалалық мәслихат депутаттары және басқа мемлекеттік мекеме мен қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Түйемойнақ аралы қоқыстан тазартылып, қатысушылар қураған ағаштарды кесіп, талдарды әктеді. Сондай-ақ, аталмыш сенбілік аясында жастар күшімен 400 түп жас көшет отырғызылды.
Іс-шараны ұйымдастырушы облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары штабының директоры К.Қасеновтің айтуынша, сенбіліктің басты мақсаты – табиғатты аялай отырып, қалалықтардың басым көпшілігі барып демалатын Түйемойнақ аралын қоқыстан тазарту, жас көшеттер отырғызу екен. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттыру көзделген. Сенбілікке жалпы саны 300-ге жуық адам белсене қатысып, өз қалаларына, еліне деген құрмет сезімін көрсетті.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button