Қоғам

Туристерге дер кезінде көмек келді

Тасқын Болатұлы

Қоңыр әулие үңгіріне барар жолда батып қалған туристер құтқарылды.

Демалыс күндері, нақтырақ айтқанда, 14 тамызда Абай ауданы, Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде 40 жолаушысы бар автобус батпаққа батып, жүре алмай тұрып қалды. Жедел көмекке құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері келген.

–  Бірлескен күшпен автобусты сүйреп шығардық. Жолаушылар бет алған бағытына аман-есен жөнелтілді. Қазір олар қауіпсіз аймақта, – деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Департамент мамандары төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласу керек екенін ескертеді.

 

Осы айдарда

Back to top button