Ресми

Түркияға 1 миллион доллар көмек беріледі

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанған. Оның құрамында республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар. Тиісті тапсырманы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жариялаған болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркиядағы екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31 643 адамға жетті.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button