Облыс әкімі: бағыт-бағдарТОПТуризм

Туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлінеді

Аймақ басшысы аудандар мен қалалардың әкімдерімен кеңес өткізді.

ШҚО әкімі облыстағы жұмыстың басым бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Министрліктер мен ведомстволардың жергілікті өкілдері облыстық ауқымдағы міндеттерді шешуге араласады. Өңірдің көптеген салалары осындай өзара іс-қимылға байланысты дамиды. Туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Шығыс өңірін туристер үшін қызықты және мемлекет пен бизнес үшін тиімді мекенге айналдыратынымызға сенімдімін, – деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ облыс әкімі қызметкерлерге жылжымалы медициналық кешендердің тиімділігін бағалауды және олардың жұмысының дәл алгоритмін жасауды тапсырды. Өз кезегінде бұл жету қиын елді мекендерді сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін тиімді болмақ.

Отырыс барысында аймақ басшысы «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру кезінде өңірдің ерекшелігін ескеру керектігін де атап өтті.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button