Қоғам

Тұрғындарға жылу ақысын қайта есептейді

Риддер қаласының тұрғындарына жылыту маусымы аяқталған соң жылу ақысы қайта есептелетін болды. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой мәлім етті.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Риддер жылу электр орталығында биылғы жылыту маусымында болған ақаулардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға жылу ақысы қайта есептеледі. Сол үшін ЖЭО иелерімен келіссөздер жүргізілген.

– Орталықтың жаңа иелеріне жылу ақысын қайта есептеу мүмкіндігі туралы хат жібердік. Олар келісетіндіктерін білдірді. Бірақ заң бойынша қайта есептеу жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі. Қазір сол туралы халыққа түсіндіріп жатырмыз, – дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Оқырманның есінде болса, былтыр 23 қазанда Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болып, қазандықтар істен шыққан. Соның салдарынан қала халқы қақаған аязда жылусыз қалған. Бұл жағдай тек облыс әкімі араласқаннан кейін барып тұрақталған.

Одан кейін биылғы 19 қаңтарда осы орталықта өрт болып, тиісті орындардың көмегімен тілсіз жау ауыздықталған. Кейін жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу амалдары басталған.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button