Қоғам

Тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талаптарын  жүзеге асыра отырып, елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты іс-шаралар атқарылуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік мекеме басшыларының ғимараттың 1-қабаттарына көшірілуі, «Open space» (ашық үлгідегі кеңсе) форматындағы кабинеттерге ауысуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, орталық мемлекеттік органның әрбір аумақтық бөлімшесінде фронт-офис ашу бойынша атқарылған жұмыстар баршылық. Бүгінгі күні аудандық прокуратурада, аудандық полиция бөлімінде фронт-офистер ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Боран ауылдық округі әкімінің жұмыс кабинеті ғимараттың 1-қабатына ауыстырылса, Абай ауылдық округінің әкімімен «ашық үлгідегі кеңсе» форматында 1-қабатта кабинет ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал оның ашылу мерзімі ағымдағы жылдың  қыркүйегіне белгіленген.

Жалпы, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұрттың бәріне бірдей қолайлы бірінші қабатта қабылдауын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жоспарланып, кезең-кезеңімен атқарылып келе жатыр.

«Азаматтарға қолайлы жағдай жасау» бағдарламасы аясында «Сервистік әкімдік» жұмысын сапалы жолға қою басты көрсеткіш болып табылады. Осы орайда, аудандық әкімдікте және бұрын аудан орталығы болған Марқакөл ауылының әкімдігінде «Сервистік әкімдік» кабинеттері ашылған.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында аудан әкімінің, оның орынбасарларының, мемлекеттік мекемелер басшыларының азаматтарды бекітілген кестеге сәйкес және қажет болған жағдайда кезектен тыс қабылдаулары жұмыстың негізін құрайды.Азаматтарды жеке мәселелер бойынша бірыңғай қабылдау барысында жалғызбасты, көпбалалы аналар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар, кәсіпкерлер, тағы басқа тұлғалардың жол, несие, тұрғын үй, жарықтандыру сынды өзекті мәселелері мұқият қаралып, оң шешілуіне назар аударылады.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Күршім ауданының әкімі кестеге сәйкес кездесулер өткізіліп, тұрғындардың сауалдары мен өтініштері тыңдалды. Жекелеген сауалдарға  түсініктер берілсе, орындалу жағдайына қарай кейбір мәселелер бақылауға қойылды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аудан әкімімен 57 кездесу жоспарланып, өткізілді. Кездесу жиындары ауылдық округ орталықтарында ғана емес, барлық елді мекендерде ұйымдастырылып, осы қызметпен 2673 тұрғын қамтылды. Жалпы қойылған сауалдар саны  236 болды десек, оның 104-і  орындалып, 132 мәселе бақылауға қойылып отыр.

Бүгінгі күні тұрмыстық жағдайды заманауи сұраныс талаптарына сай өзгерту аясында ауылдарға газ тарту, мобильдік байланысты және интернетке қосылу жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, өзін-өзі жұмыспен қамту, жайылымдық, шабындық жермен қамту, шабындық жерлерге су шығару мәселелері қойылып отыр.Жол қатынасы, Күршім-Маралды, Маралды-Үшбұлақ тағы басқа бағыттардағы жолдарға сапалы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, асфальт төсеу, қысқы және жазғы жолдардың лайықты деңгейде ұсталуы да тұрғындардың көкейін тесіп отырған мәселелердің қатарында тұрғаны белгілі. Сондай-ақ, сауал қойған жандарға денсаулық сақтау нысандарының жөнделуі, елді мекендерді ФАП-тармен қамту, құрылысы басталған Марқакөл ауылындағы спорт кешені, Қалжырдағы спорт модулінің пайдалануға берілуі, ауылдарда воркаут, ойын алаңдарын салу бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, бөлініп жатқан қаражат мәселесі, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың мәні түсіндірілді. Аудан әкіміне қойылған қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәселелер туралы сауалдарға байланысты арнайы жұмыс топтарының қатысуымен тұрғындарға түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үймен, жайлы пәтерлермен қамту, тағы басқа мәселелердің оң шешілуі бойынша сала басшыларына тапсырмалар беріліп, осы тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауға қойылды.

Аудан әкімі орынбасарларының тұрғындарымен кездесуі де жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. Осы орайда Қ.Әзімбаев, Р.Үмітбаева Абай, Қалғұты, Қалжыр, Боран, Ақбұлақ ауылдық округтеріне қарасты Теректібұлақ, Бурабай, Қойтас, Қыстаукүршім, Ақбұлақ, Қайнарлы, Қарой, Қарашілік, Қазақстан, Жаңауыл, Тақыр, Қалжыр, Оң жақ Қалжыр, Жиделі,  Игілік, Шеңгелді, Ақши, Егіндібұлақ, Салыөлең, Барақ батыр, Бірлік елді мекендер тұрғындарымен кездесіп қайтты. Осылайша, 178 тұрғын қамтылып, олар қойған 51 сұраққа толық жауап беріліп, түсіндірілді. 23 сұрақ шаруашылықты дамыту үшін жер алу, рәсімдеу, басқа аудандардан көшіп келген азаматтардың  жайылымдық, шабындық жер мәселесі туралы болса, жаз кезіндегі маса-шіркейлерді құрту мәселесі бойынша 4, жарықтандыру, таза ауызсумен қамту саласы бойынша 7, денсаулық сақтау саласы бойынша 3, каналдардың жөнделуі, жергілікті теңгерімге алынуы бойынша 3, қаңғыбас иттердің көзін жою бойынша 1сұрақ қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді. Қолжетімді баспанамен қамту мәселесімен келген азаматтардың  сауалы да назардан тыс қалған жоқ.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев арнайы құрылған жұмыс тобымен жайылымдық жер мәселесіне байланысты Қойтас ауылы тұрғындарымен кездесіп, онда қойылған сауалдардың шешілуін бақылауға қойып отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Е.Шораяқов көше шамдарының жануы, таза ауызсумен қамту, жағалауда орналасқан елді мекендерде қосымша колонкалар орнату, салынған блок-модульдік қондырғылардың  жұмысы, орталықтандырылған су жүйесіне жеке үйлердің қосылуы мәселелері  бойынша Боран, Ақсуат, Аманат, Марқакөл, Алғабас, тағы басқа ауылдардың  тұрғындарымен кездесіп қайтты. Туындаған сұрақтардың орындалуы бойынша тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға қойылды. Мұндай жоспарлы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.

АMANAT партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары  «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында 19 қабылдау өткізіп, осы қабылдаулар аясында 16 мәселе оң шешімін тапса, 34 сауалға нақты жауаптар қайтарылды. Аудандық мәслихат хатшысы М.Қалелов,  мәслихат депутаттары кестеге сәйкес көшпелі қабылдаулар, жиындар өткізіп, Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Саировпен бірге Ұранхай, Қалжыр, Марқакөл, Күршім  ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Олар осы жиындарда талқыланған ауыл тұрмысын жақсарту, шекаралық аумақтарды дамыту сияқты маңызды мәселелердің тиісті орындарға жеткізілуіне атсалысты.

Ағымдағы жылдың шілде айында ауданға келген Парламент  Сенатының депутаты, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі О. Булавкинамен бірге жылқы өсіру, қымыз өндірудің жағдайымен танысу мақсатында Қ.Әлдербаевтың шаруа қожалығында, сондай-ақ, «Бұқтырма уылдырық шашу, өсіру шаруашылығы» ЖШС–нің қордаланып қалған мәселелерін, аудан орталығындағы кәріз жүйесінің тазалау қондырғысын салу мәселелерімен танысу  жиындарында депутаттар  өз ұсыныс, пікірлерін білдірді.

 Б.Нурумова, Күршім ауданы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі әдіскері

Осы айдарда

Back to top button