Қоғам

Тұрғындардың өтініштері де ескеріледі

Облыс орталығындағы тротуарларды жөндеу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Бұл жөнінде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жазды.

– Қаламыздағы тротуарларды абаттандыру жұмыстары алдағы жылы да жалғасын табады. Әрине, бұл жұмыстарды жоспарлау кезінде біз жол полициясының ұсыныстарымен қатар, қала тұрғындарының өтініштерін де ескеретін боламыз, – деп мәлім етті қала әкімі.

Шаһар басшысы әлеуметтік желі қолданушыларынан бұл мәселе жөнінде ұсыныстар күтетінін де жеткізді. Оның айтуынша, өскемендіктердің талап-тілектері 2022 жылғы жұмыс тізімін жоспарлау кезінде міндетті түрде ескерілетін болады.

Айта кетейік, биыл шаһардың бірқатар көшесіндегі жолдар мен тротуарлар жөнделіп, 27 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталған.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button