«AMANAT»Қоғам

Тұғырнама жобасы талқыға салынды

Ержан Әбіш

Өскемендегі «Онкоорталық» бастауыш партия ұйымының жиынында Amanat партиясы саяси тұғырнамасының жобасы талқыға салынды.

Amanat қоғам мен мемлекет игілігі үшін бар жауапкершілікті мойынына алып, жұмыс істеп келеді. Осы орайда ұлт келешегі мен қауіпсіздігі үшін саяси тұғырнамасының жобасын әзірлеп, көпшілік талқысына ұсынып отыр, – деді бастауыш ұйым төрайымы Анна Кухарева.

Жиында бастауыш ұйым мүшелері саяси құжаттың әр бағыты да маңызды екенін атап өтті.

– Жаңа саяси тұғырнаманың заман талабына сай жасақталғаны көңілден шығып отыр. Партия мүшесі ретінде саяси құжаттағы барша бастамаларды қолдауға дайынмын, – деді жиынға қатысқан онколог Бекзат Мұқадиева.

Басқосу соңында қалалық партия филиалының ХХІХ кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.

Осы айдарда

Back to top button