Ағымнан жарылсамҚоғам

Тұғылға жастар дәмханасы керек-ақ

Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл ауылының тұрғындары негізінен балық аулаумен айналысады. Соңғы кездері елді мекен көркейіп келеді, көп үйде интернет бар, дүкендер жеткілікті, мектебі еңселі, білім сапасы да жоғары.

Тек бір қыңжылтары, туған ауылымда жастар, жалпы халық демалатын орындар тым аз. Оқушы кезімде аудан орталығына немесе қалаларға барып қыдыратынбыз. Со кезден бері осы мәселе шешімін таппай келеді. Мерекелерді атап өтетіндей шағын әрі жайлы дәмхана ашылса, жергілікті адамдар да жұмыспен қамтылар еді.

Осы ұсынысымды іскер азаматтар ескеріп, ауылымыздың көркеюіне септігін тигізер деген үмітім бар.

Сондай-ақ ауыл халқы Өскеменге жиі қатынап тұрады. Бірақ, автожолдың жағдайы сын көтермейді. Ол тас жол жөнделсе, көлік апаттарының да азаяры анық. Сонымен қатар ауруханаға білікті жас дәрігерлер көбірек тартылып, оларға қолдау көрсетілсе деймін.

Жырақта білім алып жүрсем де, жүрегім – туған жерімде!

Айша Кеңесханова,

студент

Осы айдарда

Back to top button