Референдум-2022ТОП

Түске дейін түгел дауыс беріп қойды

Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде дауыс беру учаскелері өз жұмысын аяқтап қойды. Қатаң тәртіп пен азаматтық жауапкершіліктің бұлжымас айнасы болған әскерилер түске дейін түгел дауыс берді.

Таңертеңнен бастап Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жеке құрамы референдумға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлады қолбасшылықтың баспасөз қызметі.

– Сарбаздар 18-19 жаста болғандықтан олар бірінші болып дауыс беруге қатысты. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 учаске жұмыс істеді, дауыс беруге мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана емес, офицерлер мен сержанттар, олардың отбасы мүшелері де қатысты. Айта кету керек, осы күні Семей қаласының 5511 және Павлодар қаласының 5512 әскери бөлімдеріне жас мамандар келіп, оларға әскери бөлімдердің аумағында дауыс беру құқығы берілді, – деп толықтырды ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button