Қоғам

Түнгі 12-ден кейінгі өмір

Қала шырт ұйқыға кеткенде, мейрамханалар жұмысын бастайды. Бір қызығы шектеу шараларын мейрамхана басшылары да, тұрғындар да елеп тұрғаны шамалы. Алайда облыста күнделікті рейд. Оны да естен шығармағанымыз абзал.

Полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, рейд барысында белгіленген жұмыс уақыт режимін бұзған яғни түнгі 00.00-ден кейін жұмыс істеген бірқатар ойын-сауық орталығы анықталды.

–        Санитарлық дәрігер бекіткен қаулыға сәйкес, белгіленген жұмыс уақытын бұзған, арақашықтық сақталмаған және келушілер саны рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін анықтадық , – дейді ПБ баспасөз қызметі.

Барлық құқық бұзушылықтар видеоға түсіріліп, материалдар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button