Тәуелсіздікке ізгі тілектерін білдірді

Желтоқсанның 5-14-і аралығында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйтқы болуымен «Тәуелсіздікке ізгі тілек» атты облыстық байқау өткен болатын. Байқаудың алғашқы кезеңі 6-7 желтоқсан күндері облыстағы барлық тіл оқыту орталықтары базасында өтсе, үздіктерді марапаттау рәсімі еліміздегі ең айтулы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді.
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің,
Желбіресін көк туы – нағыз көркі жерімнің!
Мәңгі болсын, баянды болсын
27 жыл ғұмырың!
Құтты болсын, мықты болсын,
Тәуелсіздік тұғырың!».
Жүргізуші қыздың саңқылдаған дауысы салтанатты естіледі. Шынында да, тәуелсіздікті жырлаған осынау өлең жолдарын тебіренбей оқу еш мүмкін емес. Міне, қаншама ғасыр бойы ата-бабамыз аңсаған, армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 27 жылдың жүзі болыпты. Еліміздің әр азаматы үшін бүгінде тәуелсіздіктен асқан тәтті ұғым жоқ. Осынау Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс көлемінде қаншама шаралар өткізілді. Десе де бұл шараның жөні бөлек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – облыс көлеміндегі тілдерді оқыту орталықтарында қазақ тілі курстарына тартылған тыңдаушылар арасынан өз ойын еркін әрі көркем тілмен жеткізе алатын, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыған, қазақша сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, насихаттау.
«Тәуелсіздікке ізгі тілек» атты облыстық байқауға өңірлердегі 13 тіл оқыту орталығының қазақ тілінің базалық (А2), орта (В1), ортадан жоғары (В2) деңгейлерін меңгерген 200-ден астам тыңдаушы қатысыпты. Тілек жазу түрінде өткізілген шарада олардың әрқайсысы ерекше белсенділік танытқан.
– Тәуелсіздік күні – еліміз үшін ең бір айтулы мереке. Осы орайда облыстық тіл басқармасы жыл сайын дәстүрлі түрде осындай шараларды өткізіп келе жатыр. Жалпы, 1997 жылы алғашқы «Тіл туралы» Заң шыққан кезде республикамызда бірінші болып біздің облыста тіл комитеті құрылды. 4-5 жыл өткеннен кейін барып ол облыстық тіл басқармасы деп өзгертілді. Қазір бұрынғымен салыстырғанда көп нәрсе өзгерді. Жыл өткен сайын мемлекеттік тілдің тұғыры биіктей түсуде. «Ештеңе өзгерген жоқ» деп кейде ренжиміз. Жоқ, көп нәрсе өзгерді, әлі өзгереді де. Сондықтан да Тәуелсіздігіміз жасасын, – деді марапаттау рәсіміне жиналған жеңімпаздарды құттықтау сөзінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада талай жыл қызмет еткен, «Тіл жанашыры» төс белгісінің иегері Гүлбану Құсманова.
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Сәуле Қалиғазина да өз сөзінде тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін айтты. Осы тәуелсіздікті алу жолында қаншама жастың қаны төгілді. Жылдар жылжып өтсе де, Желтоқсан оқиғасы біздің әрқашан жадымызда. Тәуелсіздік мерекесі – біздің халқымыз үшін, Қазақстанды мекендеген әрбір ұлттың өкілі үшін бостандыққа жеткізген ең қастерлі мереке.
– Мереке қарсаңында облыстық байқаудың жеңімпаздарымен жүздесіп отырмыз. Бұл байқауға облыс көлемінде 200-ден астам тыңдаушы қатысты. Олардың барлығы бір облыстық, 12 аудан, қалалық орталықтың тыңдаушылары. Соның ішінен үздіктерді анықтау өте қиын болды. Комиссия мүшелері ақылдаса келіп, әрбір ауданнан бір үздікті анықтауды жөн көрді, – деді ол.
Сөйтіп, жеңімпаздардың да есімдері жария болды. Үшінші орын Алина Чикишева (Семей қаласы), Сәния Оспанова (Ұлан ауданы), Айбек Какимов (Бесқарағай ауданы), Наталья Могильнаяға (Бородулиха ауданы) бұйырса, екінші орынға Елдар Ыдырышев (Глубокое ауданы), Эрнис Фаизов (Зырян ауданы), Құндыз Бодаубаева (Курчатов қаласы) ие болды. Ал бірінші орынға Нартай Мұратов (Өскемен қаласы) пен Гүлназ Асанова (Катонқарағай ауданы) лайық деп табылды. Бас жүлдені Біржан Нұрсоветов қанжығасына байлады. Сондай-ақ Светлана Мирошниченко «Тәуелсіздік – тұғырым», Оксана Лезгиева «Менің Қазақстаным», А.Оразаева «Тәуелсіз елім – тірегім» аталымдарының жеңімпаздары атанды.
– Тәуелсіздік деген – қастерлі мереке ғой. Тарихта тәуелсіздікке қол жеткізе алмай, тарих сахнасынан жойылып кеткен ұлттар да бар. Сондықтан біз осы тәуелсіздіктің қадірін білуге тиіспіз. Осы орайда «Тәуелсіздікке ізгі тілек» атты байқауға қатысқаныма қуаныштымын. Мемлекеттік тілде әдемі сөйлеп, көркем тілек жазудың өзі бір ғажап дүние, – дейді Бесқарағай ауданындағы №54 өрт сөндіру бөлімінің инженері Айбек Какимов.
– Мен мемлекеттік қызметкермін. Курчатов қалалық мәслихатында қызмет істеймін. Әрине, кез келген мемлекеттің өзінің мемлекеттік тілі болады ғой. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер тілді жақсы білуі тиіс. Өйткені тәуелсіз елдің тұғыры өзінің тілімен биік болмақ. Осы орайда мемлекеттік тілді меңгертуде тілдерді оқыту орталықтарының үлесі зор екенін айтқым келеді, – дейді курчатовтық Құндыз Бодаубаева.
Сондай-ақ байқауда үшінші орынға ие болған Ұлан ауданындағы «Айжұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Сәния Оспанова да өзінің жылы лебізін білдірді. Ал байқаудың бас жүлдесіне ие болған Біржан Нұрсоветов – облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметкері. Ол өзінің ерекше толқып тұрғанын айтады.
– Бас жүлде аламын деп мүлдем ойлаған жоқпын. Бірақ жақсылап дайындалдым. Тәуелсіздік деген – менің оқушы кезімнен жақсы көретін тақырыбым, – дейді ол.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде Өскемендегі «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің оқушылары Таңгүл Қасенова мен Айғаным Айдарова «Қазақстан», Алуа Сайранхан «Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әндерді орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Құшақтары гүлге, көңілдері қуанышқа толған жеңімпаздар көпке дейін үйлеріне қайтуға асықпады.
Еркіндік саған тамсанам
«Тәуелсіздікке ізгі тілек» атты облыстық байқауда қара үзіп шыққан жеңімпаз бен қатарынан озған жүлдегерлердің шығармаларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Біржан НҰРСОВЕТОВ, Өскемен қаласы:
«San ǵasyr babam ańsaǵan,
Urpaǵym teńdik alsyn dep.
Erkindik saǵan tamsanam,
Jaqsylyq dáıim bolsyn dep.
Qyzǵyshtaı qoryp dalasyn,
Qaldyrǵan bizge amanat.
Aldyrmas jaýǵa jaǵasyn,
Mingende erler qazanat.
Táýelsizdik asqaq armanym,
Arnalar saǵan jyr-ánim.
Súıemin bekzat elimdi,
Sertimde máńgi turamyn.
Táńirdiń ózi syılaǵan,
Nursultandaı eren Elbasyn
Upaıyn ulttyń jınaǵan,
Erimdi Alla qoldasyn.
Erkindik jyryn ańsaǵan,
Elim dep týǵan men bolam.
Rýhanı túlep jańǵyrdy el,
Jaınaǵan baıtaq keń dalam.
Uly Dala jeti qyrymen,
Tarıhtyń alty syrymen.
Máńgilik elge aınaldyq,
Elbasynyń salǵan jolymen.
Táýelsizdik asqaq armanym
Arnalar saǵan jyr-ánim
Súıemin bekzat elimdi,
Sertimde máńgi turamyn».
Гүлназ АСАНОВА, Катонқарағай ауданы:
– Ár ult, ár halyq úshin táýelsizdikten artyq qasıetti de qymbat eshteńe joq. Elimiz alyp, quqyqtyq, derbes demokratııalyq memleket retinde álemge tanyldy. Ata-babamyz ǵasyrlar boıy armandap ótken táýelsiz el bolý mártebesin kórý – búgingi urpaqqa buıyrǵan zor baqyt. Osy qýanyshymyz qutty bolsyn. Jańa ǵasyrda qaıta túlegen, jasaryp, túrlengen elimizdiń táýelsizdigi tuǵyrly bolǵaı! Dáıim osy bɪikten kórine berýge jazsyn!
Ulttyq qasıetimizdi, qundylyqtarymyzdy ulyqtap, ulttyq namysymyzdy oıatqan, álemdge qazaqty azattyq súıgish, rýhy bıik, namysy berik halyq retinde tanytqan Táýelsizdik kúni qutty bolsyn! Elimizdiń kók baıraǵy beıbit aspan astynda jelbirep, álemge tanyla bersin! Ár otbasyna tatýlyq pen yrys-bereke, ashyq aspan, Otanymyzdyń ıgiligi men jarqyn bolashaǵy jolynda jańa tabystar tileımin. Otanymyz – Qazaqstan gúldenip, mártebesi bıikteı bersin. Elimizdiń dáýleti, jerimizdiń sáýleti jolyndaǵy ıgilikti isteri jemisti bolyp, bastaǵan isteri sátti bolsyn degen ystyq yqylasymdy jetkizemin!
Нартай МҰРАТОВ, Өскемен қаласы:
– Tamyry tereń, tarıhy óleń babamnyń boztorǵaı qany tamǵan bozań dalanyń bolashaǵy jarqyn bolsyn. Azattyqtyń aq tańy atyp, kóginde shýaq shashqan táýelsiz eldiń ulandary, bizder baqytty urpaqpyz. Tasqa basqan tarıhqa nazar salyp qarasań, qasiretti jyldarmen kezeńder az bolmaǵany belgili. Taǵdyr atqan jebege qarsy turǵan er babamnyń erliginiń arqasynda erkindikti qolǵa alyp, kók týymyz kók aspanda jelbiredi. Azattyq alý qanshalyqty qıyn bolsa, ony saqtap qalý odanda qıyn ekeni daýsyz. Shıebórishe shúıligip qaı ýaqytta shalys basady dep aranyn ashqan derjavalarǵa tótep berý de ońaı emes. Sol bir qıyndyqtardy artqa qaldyrǵan Qazaq eliniń Táýelsizdigine minekı shırek ǵasyrdan astam ýaqyt boldy.
Osy ýaqyt aralyǵynda biz ne istedik, nege qol jetkizdik degen suraq týyndaýy zańdylyq. Tuńǵysh Prezıdentimiz, Ult Kóshbashysy Nursultan Nazarbaevtyń ómirsheń ıdeıalarynyń arqasynda Qazaqstan syndarly saıaasatty jolǵa qoıyp, damyǵan eldermen tarazy basyn teńestirip 30 eldiń qataryna kirýge laıyqty ekenin dáleldep, Qazaq elin máshhúr etse, 2017 jyly Qysqy ýnıversıadanyń uıymdastyrylýy álemdi tańdaı qaqtyrdy. Jipke tizip jaza bersek jetistikter jeterlik, qaısy birin aıtsań da keýde qaǵyp maqtanýǵa laıyqty. Sonymen qatar Elbasymyz «Bolashaqqa baǵdar – rýhanı jańǵyrý» maqalasyn búkil qazaq dalasyna pash etip jana órkenıetke qushaq ashty. Bul maqaladaǵy eń basty ózekti másele ulttyq kod boldy. Ulttyq kodty saqtap jáne zamanǵa saı jańǵyrý eń áýeli rýhanııatty kóterip, qundylyqtardy arttyrýǵa sara jol ashady. Sondaı-aq Ult Kóshbasshysy Nursultan Nazarbaev 2019 jyldy «Jastar jyly» dep jarııalady. Bul básekege qabilettilikti arttyryp, ulaǵatty urpaq tárbıelep, jasampazdyqqa umtylǵan memlekettiń irgetasyn nyǵaıta túsýge zor úles qospaq. Al, biz qandaı úles qosa alamyz? «Memleket bizge ne beredi emes, memleketke biz ne beremiz» degen suraq bizdi árqashan tolǵandyryp, eńbektene bilýimiz kerek. Elbasynyń saıasatyna qoldaý kórsetip, bir-birimizge qorǵan bola bileıik. Elin súıgen, eli súıgen Elbasy máńgilik eldiń irgetasyn bekemdep, órkenıetke jeteleı túseri anyq. Máńgilik el – ata-babamyzdyń san ǵasyr armandaǵan asyl armany. Al sol armandy iske asyrý bizge mindet. Táýelsizdikti ulyqtap, urpaqtan-urpaqqa tabystaı bereɪik. Meniń egemendi elime degen izgi tilegim, Táýelsizdigimiz tuǵyrly, urpaǵymyz bilimdi bolsyn!
Құндыз БОДАЙБАЕВА, Курчатов қаласы:
– San ǵasyrlar boıy ata-babamyz ańsap kútken táýelsizdik tańyn kórý bizdiń zamandastarymyzǵa buıyrypty. Osynaý keń baıtaq jerimizdi er júrek batyrlarymyz aq naızanyń ushymen, aq bilektiń kúshimen kúndiz-túni tynym kórmeı qorǵady.
Altaıdan Kaspııge deıingi ushqan qustyń qanaty talatyn qasıetti jerimizdi qasterlep, ony syrt jaýlardan qorǵaýdy aldyńǵy urpaq keıingi urpaqqa amanat etip tapsyryp otyr.
Kereı men Jánibek qazyǵyn qaqqan «Qazaq handyǵyn» Qasym han, Táýke han, Esim han irgesin qalap, Ábilhaıyr han men Abylaı han odan ári nyǵaıta tústi. Basymyzdan qansha zobalań ótse de, araılap shyǵar kúnimizdiń bolatynyna senimdi edik.
Elimizdiń táýelsiz memleket atanǵanyna da shɪrek ǵasyrdan asa ýaqyt ótipti. Tóbemizde kók baıraǵymyz jelbirep, qyranymyz ashyq aspanda qalyqtaıdy. Elbasymyz Nursultan Nazarbaev salyp bergen sara jolmen elimiz qaryshtap damýda. Elimizben birge elordamyz Astana da kúnnen-kúnge gúldenýde.
Bolashaqqa bastar senimdi, bilimdi de parasatty urpaq tárbıelenýde. El ekonomıkasy alǵa órlegen saıyn halyqtyń ál-aýqaty jaqsarýda. Elbasymyz aɪıtqandaı «Táýelsizdikke jetý qɪyn, al ony shaıqaltpaɪ ustap turý odan da qɪyn». Sondyqtan zamandastaryma aıtarym aǵa urpaqtyń qanymen, mańdaı terimen kelgen táýelsizdigimizdi kózdiń qarashyǵyndaı qorǵaı bileıik.
Елдар ИДРЫШЕВ, Глубокое ауданы:
– Mine, dál búgin eń qýanatyn, maqtanatyn, qýanyshtan kózge jas alyp turyp, ótkenge kóz júgirtip, keleshek keńistigine aɪaq basatyn kún. Bul bizdiń ortaq merekemiz. San myń ǵasyr ata-babalarymyz qanymen, janymen alyp bergen tuǵyrly táýelsizdigimizge 27 jyl!
Bul az ýaqyt kórinse de biz úshin basqalar asa almaǵan asýdy asqan, jete almaǵan beleske jetken, ár isimiz ońynan bolyp, jarqyn bastamalardy júzege asyrǵan – 27 jyl!
Bul bizdiń yntymaq pen birliktiń, beɪbitshilik pen turaqtylytqtyń, qamqorlyq pen qarapaɪymdylyqtyń, jasampazdyq pen ashyqtyqtyń, danalyq pen sanalylyqtyń úlgisin kórsete bilgen qonaqjaɪlyǵymyz ben dosqa adaldyǵymyzdy pash etken – 27 jyl!
Bul bizdiń qɪyn qystaý kezeńderde qasyq qany qalǵansha qorǵap, jas urpaqtyń bolashaǵy, eliniń erteńi, halqynyń bostandyǵy úshin opat bolǵan erlerdi, analarymyzdy, danalarymyzdy, daralarymyzdy ulyqtap, eske alatyn – 27 jyl!
Mereke qutty bolsyn! Qazaqstandyqtar, Otandastar! Rýhanɪ qazynasymen, mol murasymen, tereń tarɪhyn ulyqtaǵan Uly El bolaɪyq! Táýelsizdigimiz máńgilik, egemendigimiz eńseli, bolashaǵymyz berekeli bolsyn!
Эрнис ФАИЗОВ, Зырян ауданы:
– Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке біздің мемлекеттің еркіндігі мен бірлігінің нышаны болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен, сәтті өзгерістермен тамаша түрде жалғастырып келеді және тәуелсіздік жылдарында көреген Президентіміздің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем мойындап, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Мен еліміздің ары қарай гүлдене беруіне және басқа мемлекеттерге үлгі боларлық үлкен бастамаларды жүзеге асыра беруіне тілектеспін. Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Біздің ел зор сенім мен үміттің, сүйіспеншіліктің сарқылмас бастауына айналуы керек. Әрбір қазақстандықтың жүрегінде өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш, бірлік пен түсіністікке ұмтылу, табысты еңбек ету мен бақытты болашаққа ұмтылу сияқты асыл қасиеттер болса деген тілегім бар.
Осы тамаша күнде сіздерге денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймін! Бейбітшілік, үйлесім мен түсіністік әрбір отбасының шаңырағында салтанат құрсын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Отанымды жақсы көремін, мен Қазақстан сияқты осындай қуатты мемлекеттің азаматы болғаныма қуанамын әрі мақтан етемін.
Айбек КАКИМОВ, Бесқарағай ауданы:
Qurmetti qazaq eli, sizderdi táýelsizdigimizdiń 27 jyldyq merekesimen shyn júrekten quttyqtap, izgi tilegimdi joldaǵym keledi. Jɪyrma jeti jyldyq tarɪhy bar qazaq eli osy az ýaqyt mólisherinde birtalaɪ belesterge jetip, kúlli álem qazaq elin tanyp moɪýndaǵan. Azat kúndi ańsap armandaǵan ata-babalar armany oryndaldy. Bul jetistik jalpy qazaq eliniń birlesken jetistigi. Osy ýaqyt aralyǵynda ataýly is-sharalar ótkizilip búkil álem qasɪetti de qudiretti qazaq elin bilip qana qoɪmaɪ, jańa qyrynan tanɪ aldy.
Kele jatqan mereke árbir qazaqstandyqqa baq-bereke, qajymas qaɪrat, aspanymyz ashyq bolyp, baqytty da baɪandy ǵumyr keshýlerińizdi shyn júrekten tileɪmin. Memleketimizdiń bereke-birligin, bostandyǵyn ári álemdik týystyǵyn bildiretin, týǵan jerdiń maqtanyshy bolyp keletin bul mereke ári patrɪottyq dep esepteledi. Birlesken uɪymshyldyq bolyp, birge jańa maqsattarǵa jetemiz. Halqymyzdyń yrysy ósip, syɪlastyq pen túsinistik, árqashanda rýhymyz bɪik bolyp, salt-dástúrimizdi árqashan baǵalap júrsek, alda kóptegen jańa jetistsikterge jetemiz.
Наталья МОГИЛЬНАЯ, Бородулиха ауданы:
– Қиыр кетсем, аңсар ауып сағынам,
Туған жерім қымбатсың сен әрқашан
Қанша қиын кезеңдерді өткердің,
Тәуелсіз ел тамыр тартқан нулы өлкем.
Тәуелсіздік туын көкке желбіреткен барша қазақстандықтарды тарихта алтын әріппен жазылатын мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ғасырдан ғасырға жалғасып, жасай беретін тұғырлы елімнің тарихи мерекесі құтты болсын.
Өзге елді көркіменен таңғалдырған, құшағы кең, жат елді дос көрген, достық туын желбіреткен, шежірелі құт мекенім, жайнай бер, жасара бер!
Сәния ОСПАНОВА, Ұлан ауданы:
– Táýelsizdik baɪandy bolsyn!
Táýelsizdik kúni – ata-babamyz ańsaǵan armanynyń júzege asqan elimizde erkindik syɪlaǵan Uly kún. Bul kún respýblɪkamyzda ar azamaty úshin aɪtýly mereke, bostandyq pen erkindiktiń bastaýy.
Halqymyz Táýelsizdiktiń myzǵymas tuǵyryn bekitip “Máńgilik el” bolýǵa bet burdy. Elimiz azattyq súɪgish, rýhy bɪik, namysy berik halqy bar alyp, quqyqtyq derbes demokratɪalyq memleket retinde álemge tanyldy.
Álemdik daǵdarysqa qaramastan bizdiń elimizdiń sarabdal saɪasatynyń arqasynda Qazaqstan respýblɪkasy gúldenýde.
Ár ult, ár halyq úshin táýelsizdikten artyq qasɪetti de qymbat eshtene joq. Sondyqtan byl mereke Qazaqstan úshin memleket tarapynan jańa paraqtaryn eske alatyn erekshe kúretinde qalary sózsiz!
Ata-babamyz ǵasyrlar boɪy mártebesin kórý búgingi urpaqqa buɪyrgan zor baqyt.
Kók baɪraǵy jelbiregen, búgingideɪ abyroɪly da aɪbyndy, bedeldi de berekeli, yntymaǵy men birligi jarasqan elimizdiń táýelsizdigi baɪandy, halqy baqytty, Elbasymyz aman bolsyn!
Алина ЧИКИШЕВА, Семей қаласы:
– Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін. Еліміздің мәртебесі биіктеп, жалпақ әлемге таныла беруіне шын көңілден тілектестігімді жеткіземін.
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріміз табысты болсын! Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Әрқашан осы биіктен көріне беруге жазсын!

Облыстық тілдер дамыту жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша әзірлеген – Мейрамтай Иманғали