Қоғам

Тәуелсіздігіміздің маңызы белгісі мен құралы

Тәуелсіздігіміздің маңызы белгісі мен құралы


90-шы жылдардың басы барлығы үшін посткеңестік кезеңнен кейінгі ауыр заман болды: өндірістің аумақты құлдырауы, экономикалық байланыстың үзілуі, бұрынғы одақ республикалардың арасында ақша-кредит қарым-қатынасыдағдарысы. Сондай-ақ, Қазақстан бұрынғы КСРО-НЫҢ аймағын соңғылардың бірі болып тастап кеткендіктен, республика көрші мемлекеттердің аумағында айналыстан шығатын кеңес ақшасының зор ағыны мәселесіне тап болды, ол дүкендердің жұтаңдалуына ықпал етті, ақшаның құнсыздануы күшейді және халықтың тұрмыс деңгейі шапшаң төмендеді.

Экономиканы толық күйреуден құтқару үшін Елбасы мен Үкіметі шұғыл түрде өз ресми ақшасын енгізуге және өз валютасы бар мемлекет ретінде, басқа мемлекеттермен тең дәрежеде ақша-кредит өзара қарым-қатынасына көшу туралы шешім қабылдады.

1993 жылдың 12 қарашасында № 1399 «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа енді және 1993 жылдың 18 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасындағы жалғыз заңды төлем құралы болып белгіленді.

Теңгені енгізу күрделі операция болды, бар болғаны сегіз күнде ақша Ұлттық банктің сақтау орындарынан еліміздің барлық банктеріне жеткізілді, ал бұл дизайнымен,шығарылымымен жұмыс істеп, ұлттық валютаның аймақтарына жеткізу болды. Банк жүйесі қызметкерлері үшін де, қатардағы қазақстандықтар үшін де рубльден теңгеге ауысу әбігерлікке, қорқыныш пен алаңдаушылыққа толы болды.

Еліміздің осы тағдырындағы маңызды оқиғаның тікелей қатысушылары Ұлттық банктің ардагерлері Васенина Зинаида Михайловна және Қызырбек ҚазыбайұлыЖазықбаевтың еске алулары бойынша, Шығыс Қазақстан облысының және Ұлттық банктің облыстық басқармасының басшылығымен ұлттық валютаны енгізуге дейін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілген.

Қатаң құпия жағдайда жаңа банкноталар ұшақпен облыс орталығына жеткізіліп, сонан соң инкассатор көліктерімен облыстық МАИ қызметкерлерінің ілесіп жүруімен Ұлттық банктің 13 аудандық есеп айырысу-кассалық орталықтарына апарылды. Облыстық әкімшілік басшысымен облыста ақша айырбастау бойынша жұмыс тобы және Ұлттық банкінің облыстықбасқармасының қасындағы комиссиясы құрылды. Айырбастау мерзімі қатаң шектеулі болды: 1993 жылдың 15 қарашасы сағат 8-ден 1993 жылдың 20 қарашасы сағат 18-дейін. Айырбастаудың алғашқы күнінің басында барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер меншік нысанына қарамастан өз кассаларында бар 1961-1992 жж. үлгідегі банкноталарды және монеталарды актіге енгізуге және қызмет көрсетуші банктерге актілердің алғашқы үлгілерін тапсыруға міндетті болған.Ақшаны айырбастауды жүргізу үшін айырбастау орындары: Ұлттық банктің облыстық басқармасы, қалалық есеп айырысу-кассалық орталығы, аудандық касса орталықтары, коммерциялық банктердің 9 филиалдары және олардың бөлімшелері, сондай-ақ,қаланың әр нүктелеріндегі ашық орындарда (бас поштада, әуежайда, авиаагенттігінде, қонақүйлерде, Октябрь тұрмыс үйінде, орталық әмбебап дүкенінде, облыстық және қалалық әкімшіліктерде) болды. Осылайша, әртүрлі дәрежедегі азаматтарға – кәсіпорын жұмысшылары және жұмыссыздарға, зейнеткерлерге, студенттерге, шеттен келгендерге ақшаны айырбастау үшін барлық жағдай жасалды. Ұлттық банкінің облыстық басқармасының жауапты қызметкерлері есеп айырысу-кассалық орталықтарының, айырбастау орындарының қызметтері үйлестіріліген тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды және айырбастаудың барлық қатысушыларына тәжірибелік көмек көрсетілді, айырбастау барысы жайында ақпарат жинау жүргізілді. Жүргізілген дайындық жұмыстары және ұлттық валютаны енгізу кезеңіндегі туындаған мәселелерді жедел шешу белгіленген мерзімде ақшаны айырбастауды аяқтауға мүмкіндік берді.

Ұлттық валютаны енгізу Тәуелсіздіктің маңызды белгісі мен құралы болып табылады, экономикалық егемендікті, өз ақша-кредит саясатын және нарықтық реформаны жүргізуді қамтамасыз етті. Елімізде дербес қаржы, салық, бюджет және кеден жүйелері құрылды. Қазақстанның банкноталары мен монеталары Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы және Қазақстан теңге сарайының қолданған озық технологияларының арқасында әртүрлі халықаралық конкурстарда бірнеше рет жоғары марапатталды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің енгізілу күнінің тарихи маңыздылығын ескеріп және 1997 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні болып жариялануымен қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт, отбасы берекесі мен жоғары кәсіби жетістіктерге жетуді тілеймін!

А.Жолдыбалина,
Ұлттық банкі
Шығыс Қазақстан филиалының директоры

Осы айдарда

Back to top button