Руханият

Туған өлкенің табиғатын қорғауды мақсат тұтты

Туған өлкенің табиғатын қорғауды мақсат тұтты


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті болып өтті. Оны облыстық білім басқармасының «Дарын» орталығы өткізді.

Табиғаты тамылжыған Риддердегі олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ауласын таңдап алудағы мақсат бұл жерде мектеп оқушыларының экскурсиялық жорығына, оқу-тәжірибелік сабақтар өткізуіне, әртүрлі байқауларға қолайлы жағдай жасалған.

Туристік экспедициялық жасақтардың слеті үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл жолы слетке тоғыз аудан мен қалалардан аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 210 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты-балалар мен жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін күшейту. «Дарын» орталығы директорының орынбасары Елена Шиминаның айтуынша, әрбір қатысушы экологиялық-биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттағы өз жұмыстарын таныстыруып, туристік шеберлікті, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің тарихы мен географиясы, оқушылардың туған елге деген көзқарасын қалыптастыру жайлы өз ойларын толық жеткізе алуы тиіс.

Слетке қатысушылар Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығына жорыққа шығып, «Команданың визиттік карточкасы» байқауында күш сынасты.
«Визиттік карточкасы» байқауында Шемонайха ауданының «Жастар» командасы бірінші орынды иеленді. Катонқарағай ауданынан келген «Арайлы Шығыс» және Глубокое ауданынын келген «Мұрагер» командалары екінші орынға, ал Бородулиха, Алтай және Курчатовтан келген оқушылар жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. «Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмыстары жобаларының байқауы, «Экологиялық есеп» презентациясын қорғау, «Экологиялық соқпақ» байқауы, «Аралас туризм» кросс жорығында туған өлкенің табиғатын қорғауды мақсат тұтқан оқушылар шеберліктерін көрсете білді. Риддер, Курчатов қалалары мен Алтай, Зайсан, Бородулихадан келген балалар да туристік экспедиция талаптарына сай білім мен біліктілік танытты.

-Шығыстың табиғаты ғажап. Бұл өңірде екі мыңнан астам өзен-көлдер, бірнеше мемлекеттік қорық орналасқан. Атақты Берел, Елеке сазы қорымдары бар, «Қызыл кітапқа» енген құстардың саны мыңға жақын. Өңірде туристік кластер дамып келеді. Биылдың өзінде Кенді Алтайға екі жүз мыңнан астам турис келген. Катонқарағай ауданындағы Өрел мектебінде он шақты жылдан бері гид-рейнджерлер әзірлейтін сынып жұмыс істеп тұр. Олар шетелден келген туристерге қызмет көрсетеді. Ал мына өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Оқушылар өз ауданы, мекені жайлы диплом жұмысын қорғады, спорттық бағдарлама, компаспен жұмыс істеуді меңгерген, тауға шыққан кезде әріптестеріне қалай көмектесу жайын да білуі шарт,-дейді оқушылардың білімі мен біліктілігіне сараптама жасаған Шығыс Қазақстан мемлекеттің техникалқ университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Ханша Советханқызы.

Слеттің үшінші күні жеңімпаз командалар мен үздіктер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, кубоктармен және медальдармен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз атанған команда Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қотыркөл ауылындағы «Звездный» лагерінде өтетін республикалық байқауға қатысады. Командалық есепте Бородулиха (1 орын), Катонқарағай (2 орын), Алтай (3 орын) аудандарының командалары жүлделі орындарды бөлісті.

Оңдасын Елубай

Риддер.

Осы айдарда

Back to top button