Руханият

Туған өлкесіне өлердей ғашық болған

Пушкин атындағы облыстық кітапханада есімі елге кеңінен танымал өлкетанушы, Мұрағат ісінің үздігі, Қазақ КСР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері Станислав Черныхты еске алу кеші  өтті. Туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған  кешке өлкетанушының достары мен таныстары, тарихшылар, мұрағат, музей және кітапхана қызметкерлері қатысты.

-Неге мен туған өлкем туралы жазамын? Өйткені, мен осында дүниеге келдім, өстім, ержеттім. Туған топырақ аяғымнан нық тұруым үшін күш берді, – деп жазыпты  өлкетанушы С.Черных. Оның «Начало положило крепость», «Воспоминания о Павле Васильеве», «С берегов Иртыша», «Одна, но пламенная страсть», «Под небом Алтая» атты кітаптары өлке тарихы туралы  ғана емес, сол қасиетті де киелі жерді мекен еткен  адамдардың тағдыры туралы да сыр шертеді. Көпбалалы, майдангер отбасынан шыққан Станислав Черных кішкентайынан-ақ еңбекке араласып, шыңдалып өсіпті.  Осынау  еңбекқорлығы кейіннен оның нағыз мұрағатшы, өлкетанумен әуестенген  жазушы болуына көмектескен сыңайлы.

– Станислав Черных өмірінің соңына дейін өз Отанында қызмет етіп, оның адамдарын ерекше сүйді. Оның ынтасы мен өлкетану ісіне берілгендігінің арқасында өлке тарихы мен адам тағдырына қатысты тың зерттеулер жүргізіліп, жарияланды, – деді еске алу кешінде тарихшы-мұрағатшы Ирина Дурново.

Кітапханашы Бақытгүл Қалиеваның айтуынша, ол мұрағат мәліметтері негізінде Шығыс Қазақстанның тарихы бойынша мыңнан астам мақала мен очерк жариялап, 200-ден астам радио бағдарлама, 300-ден астам телехабар әзірлеген. 30 мақаласы Қазақ кеңес энциклопедиясына еніпті. Туған өлке тарихын насихаттаушы жерлесіміз тірі болса,  биыл 85 жасқа толар еді.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button