Қоғам

«Тәтті-Дәмді» торттарының дәмі тіл үйіреді

«Тәтті-Дәмді» торттарының дәмі тіл үйіреді


Тәттіні кім жек көреді?! Жалпы тәттілерді барлығымыз да жақсы көреміз. Нанның жөні бөлек, ал кәмпит, печенье, торт дас¬тар¬қанның сәні емес пе? Осыдан үш жыл бұрын Үржар ауданында «Шваб шұжығы» ЖШС-інде «Тәтті-Дәмді» атты кондитерлік цех ашылған болатын. Алғашында нанмен бірге кондитерлік өнімнің бірнеше түрлерін ғана пісіріп келген цех бүгінде атаулы даталарға, мерекелік іс-шараларға, туған күндерге түрлі әдемі әрі дәмді торттарды шығаруда.

Аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Саян Нұрсиленовтің айтуынша, қазіргі таңда екі цехты қосқанда, мұнда 15 адам еңбек етуде. Тәулігіне 2000-ға жуық нан және қолдан түрлі печенье, кекс, торт сынды әртүрлі кондитерлік тағамдар дайындалады. Негізі, кондитер тағамда¬ры¬н шығарудың өзі нағыз шығармашылық жұ¬мыс¬¬ десе де болғандай. Сонымен қатар, оның толып жат¬қан «құпиялары» да жетерлік. Сондық¬тан осы торттарды шығармас бұрын Астанадан осы саланың маманы шақырылыпты. Цех жұмысымен танысу барысында тәттілерді шығарып жатқан технологты да әңгімеге тартқан едік.

– Цехта тәтті тағамдардың 32 түрін пісіреміз. Бұл үшін печеньелердің формалары тағы да әкелінді. Біз қазірде торттың 8 түрін дайындаймыз. Торттың бірнеше түрін гүлдеп пісіріп жатырмыз. Сондай-ақ, сыртқы келбетіне де баса назар аударамыз. Сатып алушы торттарға қандай тапсырыс берсе, соны орындауға және көңілдерінен шығуға тырысамыз. Күн сайын жаңа торттар, бәліштердің, печенье, тоқаштардың түрлерін ойлап табамыз. Ал нан өндірісінде химиялық қопсытқыштарды қосудан бас тартамыз, химиялық қопсытқыштары бар пісірілген нан адам ағзасына зиян. Біздің нан үгітілмейді. Өйткені, қамырды бұрынғы ата-бабаларымыздың тәсілімен қолмен илеп, әбден ашытып, таза дайындаймыз. Алдағы уақытта күніне 2500-3000-ға дейін нан шығару ойымызда бар, – дейді технолог Әсем Жұмаева.

Бүгінде бұл шағын цехта тәтті өнімдердің 49 түрі дайындалады екен. «Тәтті-Дәмді» ЖШС-НІҢдиректоры Саян НұрсиленовтІң айтуынша, кондитер тағамдары, тәттінің сан түрлері аудан халқына сапалы әрі арзан бағамен ұсынылуда. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіп аясын кеңейтпек ниетте. Сонымен бірге, аталмыш серіктестіктің жекеменшік дүкендері мен сауда дүңгіршектері бар. Цехта шығарылған өнім үлкен сұранысқа ие. Саян Нұрсиленов осымен тоқтамайды. Жас кәсіпкердің өнімді тек аудан дүкендерінде ғана емес, басқа қалаларда да сатып алатындай өнім өндірісін өсіру жоспары бар.

Зухра Нұржанқызы
Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button