Тісті тегін емдеп жатыр
![Тісті тегін емдеп жатыр Тісті тегін емдеп жатыр](http://didar-gazeti.kz/uploads/posts/2015-07/1436790217_ts.jpg)
Аудан орталығындағы жекеменшік «Ар-Дан» тіс емханасы қасиетті Рамазан айында тұрғындарға тегін ем жүргізуде.
Мекеме басшысы, білікті дәрігер Бақыткүл Амантайқызы осыған дейін де діни мейрамдар мен мемлекеттік мерекелер кезінде мұқтаж жандарға сан мәрте қаржылай демеушілік көрсеткен. Қайырымды жан бұл жолы да Алланың разылығы үшін адамдардың тістерін тегін емдеп, сауап жинауда. Ол алдымен мешіт жанындағы сауат ашу орталығы шәкірттерінің тістерін емдеді. Бүгінгі күні тістерінің ақауы бар жиырмадан астам жанға тегін ем жүргізген ол мұны өзінің қасиетті айда берген зекеті деп түсіндірді. Дәрігердің бұл үлгілі ісіне Аягөз халқы алғыстарын айтуда.
– Бақыткүл Амантайқызына зор ризашылығымызды білдіреміз!- дейді Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Сайфуллин.
Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы