Қоғам

Тұрғын үйге бөлінген үлескілер бос жатыр. Неге?

2011 жылы жалпы құрылыс ішінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 55 пайызды құрады. Осы тепе-теңдікті бұзбай, жеке тұрғын үй құрылысының көлемін сақтау үшін аудандардың инженерлік желілерінің құрылысын қаржыландыруды көбейту қажет.

Тұрғын үйге бөлінген үлескілер бос жатыр. Неге?Бүгінгі күні 2005 жылдан бері облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін 12329 жер үлескілері бөлінген. Бұл тұрғындардан түскен өтініштердің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қалған 40 пайызы (8220 өтініш) қолданыстағы заңнамаға сәйкес аумақты толық жоспарлаудың тиісті жобалары әзірленгеннен кейін қамтамасыз етілетін болады.

Ағымдағы жылы Өскемен қаласының әкімдігімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер үлескілерін бөлуге 4 алаң даярлау жоспарлануда, бұл шамамен 1258 жер үлескісінің бөлінуіне мүмкіндік береді.

2012 жылдың бірінші тоқсанында 559 жер үлескісі берілді. Қазіргі күні азаматтардың жер үлескілерін ресімдеу ниеттерін анықтау үшін арнайы есепте тұрған өтініштерді саралау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Себебі, кезекте тұрғандардың бір бөлігі мекенжайларын облыстан тысқары жерлерге ауыстырған.

Бөлінген жер үлескілерін белгіленген 2 жыл мерзім ішінде пайдалану керек. Бүгінгі күні жер-жерлерде арнайы комиссия құрылып, елді мекендерде жеке тұрғын үй құрылысы мақсатына беріліп, пайдаланылмай жатқан немесе мақсатына сай пайдаланылмай отырған жер үлескілері анықталуда.

Қазіргі кезде 5890 жер үлескілері тексеріліп, 0,03 гектар аумағын алып жатқан 2717 пайдаланылмаған жер үлескілері анықталып отыр. Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес шара қолдану үшін аумақтық жер инспекциясына беруге 50 жер үлескісі бойынша материалдар дайындалуда.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ережелеріне сәйкес құрылыс мақсаттары үшін бұрын жер телімдерін жекеменшік құқығына алған азаматтар мен заңды тұлғалар, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін, жер үлескілерін игеруді осы жер үлескілері берілген кезден бастап 2 жылдан кешіктірмей бастау қажет.

Түгендеуден басқа, жер үлескілерінің пайдаланылмауын болдырмау және минимизациялау фактісі мақсатында қазіргі жер заңнамасын әбден толық жетілдіру үшін тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жеке тұрғын үй құрылысының мақсаты үшін жер үлескілері қысқа мерзімді пайдалануға (жалдау) 2 жыл мерзіміне беріледі. Бұл шара жер үлескілері бөлінген азаматтардың жауапкершіліктерін едәуір көтереді және жер үлескілерінің алып-сату әрекеттерін болғызбайды.

Мақала Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының
материалдары бойынша даярланды

Осы айдарда

Back to top button