Экономика

Тұрғын үйдің шаршы метрі арзандайды

Баспанаға зәру болып жүрген отандастарымыз үшін жағымды жаңалық. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үйлердің шаршы метрі бір жарым есеге дейін арзандайтын болды.

Тұрғын үйдің шаршы метрі арзандайдыЕл Үкіметі мұндай қадамға құрылыс материалдарының өзіндік құны есебінен бармақшы. Бүгінгі күні тұрғын үйдің бір шаршы метрінің өзіндік құны 750-800 АҚШ долларын құраса, елімізде жұмыс істейтін үй құрылысы комбинаттарының шығарған материалдарының арқасында бұл сома 500-550 долларға дейін төмендемек. Және ең бастысы отандық құрылыс өнімдерінің арзандауы оның сапасына ешқандай әсері жоқ, яғни, сапа барлық стандарттарға сай болады.

Ескерте кетейік, құрылыс материалдарын өндірудегі қазақстандық сектордың қуаттылығын арттыру мақсатында қазір республикада 16 үй құрылысы комбинаты салынып жатыр десек, мұның ішіндегі екеуі Өскемен мен Семей қалаларында бой көтереді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button