Қоғам

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына өтемақы төлейді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына өтемақы төлейді

«Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ өтемақы төлеуге салымшылардан қосымша келісімдер қабылдауды бастап отыр. Оны алу үшін www.egov.kz порталында электронды-санды қолтаңбаны пайдалана отырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен келісімге қол қою керек. Сонымен қатар, Тұрғындарға қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.
Бұл туралы облыстық ақпарат орталығындағы брифингте «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы сатуды дамыту бөлімінің басшысы Асылгүл Өзбекова мәлім етті.
– 8-ақпаннан бастап өтемақыларды алуға өтінішітер қабылдау басталды. Ол осы жылдың 31-мамырына (қоса алғанда) дейін жүреді. Өтемақыны банкте екі және одан көп жыл өз баспана жағдайларын жақсарту мақсатында ақша жинаған адамдар ала алады. Өзге банктердің салмшылары өтемақыға өтініш бере алмайды. Біздің міндет барлық банк салымшыларын құлағдар ету, – деді Асылгүл Өзбекова.
Өтемақы төлеу кезінде өтінімдерді қабылдау, қосымша келісімдер жасау банк бөлімшелерінде жүргізілмейді. Сондай-ақ, өтемақы алу үшін банкпен жасалған келісімге www.egov.kz порталында немесе банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек. Сонымен қатар, тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарына баруға болады, онда да банк қызметкерлері жұмыс істейді.
Өтемақы екі траншпен төленетін болады. Біріншісінде, яғни 2016 жылы 19,2%, ал екінші тарншпен келер жылы 16,3% түседі. Жалпы өтемақыны «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен жасалған, оның ішінде 1 миллион теңгеден жоғары мөлшердегі салымға ие 467 мың келісімшарт бойынша төлеу жоспарланған. Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы 171,9 миллиард теңгені құрайды. Бағамдық айырманы төлеу бюджеттің және банктің жеке қаражатының есебінен іске асырылатын болады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button