Қоғам

Түркиядағы туристер елге оралып жатыр

Түркиядағы туристер елге оралып жатыр

Аты шулы «Гүлнәр тур» компаниясының кесірінен елге қайта алмай қалған 900-ге жуық отандасымыз Түркиядан оралды. Бұл туралы бүгiн Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетiнiң төрағасы Бекет Сейдахметов мәлiм етті.

– «Гүлнәр тур» компаниясымен байланысты проблема 28 маусым күнi басталды. Сол кезден бiздiң әуе компанияларымыз көмек көрсетіп, Түркиядан 890 жолаушы шығарылды. Отандық «SCAT» компаниясы 415, «Эйр Астана» 215, «Jet Airlines» 265 жолаушыны елге жеткiздi. «SCAT», «Jet Airlines», «Atlas Jet» компаниялары адамдарды тегiн тасымалдауда. Ал «Эйр Астана» 50 пайыз жеңiлдiк жасады. «Қазақстан темiр жолы» да өз үлесiн қосуда. Анталиядан Өскемен, Ақтөбе сынды қалаларға баруы тиiс жолаушыларға Астана мен Алматы қалаларынан темiржолға тегiн билеттер берiлуде, – дейді Б.Сейдахметов.

Комитет төрағасының айтуынша, аталмыш проблема жiтi бақылауда. Арнайы жұмыс тобы да құрылған. Қауырт желi арқылы барлық мәселелерге қол жеткiзiп отыр.

Осы айдарда

Back to top button