Қоғам

Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылымға шығарылды

Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылымға шығарылды

Халыққа қолжетімді картоп-көкөністер мамыр айына дейін қаладағы тұрақтандыру қорының арнайы 64 дүкен- бөлімдерінде сатылатын болады. Биылдан бастап, ауылдарда осындай арзан бағадағы өнімдерді сататын дүкендер желісі іске қосылмақ. Қазір жиналған өнімнің 82 тоннасы ауыл дүкендеріне жіберіледі.

Тұрақтандыру қорының өнімдері сатылымға шығарылды

-Қазір ауылдарда барлық тұрғындардың картоп, көкөністі молынан алып, сақтайтын қоймалары бар,-дейді қалалық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Әнуарбек Сүйшінов. Сондықтан біз қыс кезінде ауылдарға қанша өнім қажет екендігін есептедік. 5728 тонна өнім қорда осы үшін сақталып тұр. Тұрақтандыру қорынан картоптың келісі биыл 65 теңгеден саудаланады Бізге мол өнім жинап, тапсырған «Приречное Агрофирмасы» ЖШС-і мен «Мұздыбай» шаруа қожалығының және тағы басқа да қалаға жақын жерлердегі шаруашылықтардың еңбеккерлеріне ризашылығымыз шексіз.
Айта кету керек, «Приречное Агрофирмасы» жыл сайын тұрақтандыру қорының өнімдерін молайтуға зор еңбек сіңіруде. Олар күзгі өнім жинау барысында топырақ құнарын азайтпауды жіті қадағалайды. Ол үшін уақыты келгенде жақын маңдағы елді мекендер мен аудандардан арнайы тыңайтқаштар жеткізіледі. Өнім алу бар да, оны сақтау бар. Күзге салым жиналған өнімді сақтау да үлкен мәселе. Қазір агрофирмадаға қоймалар мол өнім сақтай алады. Қыста да өнім өз сапасын жоғалтпайды. Себебі, барлық қоймалар бүгінгі заманауи талаптарға сай негізделіп салынған. Агрофирма өнімі базар бағасынан әлдеқайда төмен. Нәтижесінде күн сайын қоймадан қалалықтарға 30 тоннаға дейін картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат, сарымсақ сынды көкөністер көптеп жеткізілді. Бір күнде бірнеше жүк көлігімен әкелінетін өнім өз тұтынушыларын тез табады. Осыған қарап-ақ, агрофирманың жақсы жұмыс істейтіндігін көруге болады. Биыл да осы істі жалғастыру көзделіп отыр. Арзан бағамен тұрақтандыру қоры арқылы барлық қалалықтарды қамтуды қолға алған агрофирма алыпсатарларсыз-ақ халыққа қолжетімді өнім сатуда. Агрофирмада жиынған өнімді жұртшылық игілігіне толық жарату мақсатында соңғы 4-5 жыл көлемінде өңдеу цехы да іске қосылған.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button