Тұрақтандыру қорынан ұн бөлінді
Үржар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша, бірінші сұрыпты ұн мен нан бағасын ауыздықтау үшін «Азық-түлік корпорациясы» тұрақтандыру қорынан ауданға тоннасы 48 мың теңге болатын бірінші сұрыпты ұн бөлінуде.
Атап айтсақ, осы кезге дейін ауданымызға 1044 тонна ұн жеткізіліп, оның 289 тоннасы наубайханаларға, 755 тоннасы сауда орындарына таратылған.
Бүгінгі таңда өңір тұрғындарын нан және нан өнімдерімен 28 наубайхана қамтып келеді. А.Ықыласов, Е.Матаков, Т.Қалмақбаев, М.Ақпеков, тағы басқалардың иелігіндегі нан пісіретін іргелі кәсіпорындар ұнмен толық қамтылды. Салмағы 550-600 грамдық бірінші сұрыпты нанның наубайханадан босатылу бағасы – 45-48 теңге, дүкендерде нан 50 теңгеден сатылуда. Бөлінген ұнның белгіленген бағамен сатылуы әкімдік тарапынан үнемі қатаң бақылауда.
Аудан әкімі Бауыржан Жанақов кәсіпкерлік бөліміне азық-түлік өнімдерін қымбаттатпау, ұн мен нан бағасын тұрақты деңгейде ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.