Қоғам

Трамвайдың автобустан қай жері кем?

Трамвайдың автобустан қай жері кем? Керісінше артық еді. Экологиялық һәм экономикалық тұрғыдан. Енді олай болмай қалды. Неге? Өйткені екеуінде де жол жүру билетінің бағасы 90 теңге.

Трамвайдың жол ақасын көтеру мәселесі Өскемен қаласының қоғамдық кеңесінде қаралып, жиынға қатысқан қоғам белсенділері көлік компаниясының ұсынысын қос қолдап қолдаған.Көлік компаниясы директорының айтуынша, бұл – мәжбүрлі шара.

– Соңғы рет трамваймен жүру ақысы 2015 жылы көтерілген. Содан бері жолаушылар 65 теңге төлеп келді. Біз бұл мәселені қоғамдық кеңесте талқыға салып, 90 теңгеге дейін көтеруді ұсындық. Алты жыл ішінде инфляция деңгейі, одан бөлек электр энергиясы мен жылу тарифі де өсіп жатыр, қосалқы бөлшектер де қымбаттады. Сол үшін трамвай билетінің бағасын 90 теңгеге өсірмекпіз, – дейді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка.

Оның айтуынша, тариф көтерілсе, компания қызметкерлерінің жалақасы да көтеріледі. Қазір қызметкерлердің орташа жалақысы – 115 000 теңге. Ал жүргізушілер 70 000 теңге алып отыр.
Бірақ, тарифті өсіру туралы қаулы әлі шыққан жоқ және қай күннен бастап көтерілетіні де белгісіз.
Айта кетейік, трамвайда күніне шамамен 13 мың адам жүреді. Пандемияға дейін ол 18 мың болған. Күн сайын жолаушы тасымалдауға 3 бағытта 14 вагон шығып жүр.

Балауса Мэлс

Осы айдарда

Back to top button