Қоғам

Трамвай билеті қымбаттай ма?

Өскемен трамвайларында бүгіннен бастап электронды билеттендіру жүйесі іске қосылады. Билетті қалай аламыз?

Иә, тұрғындар тарапынан сауал көп. Соның бірі, трамвай билеті қымбаттай ма? Бұл сұраққа “tramway_ukg” былай деп жауап жазды:

“Жол ақысын қолма-қол және картамен төлеуге болады. Жол жүру билетінің бағасы – 65 теңге. Әзірше оқушылар қолма-қол ақшамен төлем жасайды. Жүйені түсіндіру үшін арнайы мамандар да болады”.

Айта кетейік, бүгін қаладағы барлық трамвайда билет тексерушілер болады. Сол себепті билет алуды естен шығармаңыз!

 

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button