Қоғам

Төр Алтайға қос аққу келді

Төр Алтайға қос аққу келді

Әріптесім Мұрат Ерсалин екеуіміз көктемде Шыңғыстай орманшылығына қарасты Көбен тауы телімінде жүріп, осындағы көлде жүзіп жүрген құс төресі – қос аққуды байқадық.
Көктемнен бері сол екі аққу Көбен тауын мекендеп, ұя басты. Қазір олар өсіп қалған төрт балапанымен бірге осы көлдің сәнін келтіріп, төр Алтайдың көркіне айналды. Махаббат символы атанған бұл киелі құс негізінен жылы жақты мекендейтіндіктен, Алтайға келмейтін, келгенімен, бұлайша ұзақ тұрақтап қалмайтын. Ары кетсе бір-екі күн болып, ұшып кететін. Алайда, мына жұп өйтпеді. Қазір төрт балапанын соңынан ертіп, көл бетінде емін-еркін жылжып жүр. Адамдарға онша үйір емес, жақындатпайды. Сондықтан оларды суретке түсіріп алу мүмкін болмады. Жылы жақты мекендейтін бұл құстардың осы жақта қыстап қалуы неғайбыл, әрине. Алайда, үркітіп, шошытып алмасақ, келер көктемде де осында қайтып келуі мүмкін.
Мамандардың пікіріне сүйенсек, Каспий теңізінің Ақтау маңын мекендейтін «кликун» тұқымдас бұл аққулардың орташа салмағы 14-16 келі, мойындарының ұзындығы 60 -70 сантиметр болады екен.

Серік Бөктербаев,
Шыңғыстай орманшылығының инспекторы
Катонқарағай ауданы

Осы айдарда

Back to top button