Экономика
Тойота көлігі енді өзімізде шығады
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев алғашқы қазақстандық «Toyota Fortuner» маркалы жол талғамайтын көлік 2014 жылы жарыққа шығатынын айтты.
– Қазақстанда бұл көлік түрін шығару жөнінде «Тойота Мотор» компаниясымен арада 2 жылдан астам уақыт бойы келіссөз жүрді. Енді міне, меморандумға қол қойдық, алғашқы мәшине 2014 жылы шығады, – дейді министр Әсет Исекешев.
Айта кетейік, «Тойота. Қазақстанда жасалған» жобасы Қостанайдағы «Сарыарқа Автопром» кәсіпорнының базасында іске асырылмақ. Бір жобаның аясында 200-250 жаңа жұмыс орны ашылады. Алғашқы кезеңде зауыт жылына 3 мың темір тұлпарды құрастырып шығарса, келесі кезеңде бұл көрсеткіш ұлғая түспек.
Шығыс-Ақпарат