Сайлау-2022

Тойға емес, сайлауға асықты

Өскеменде жас отбасы неке қию салтанатынан кейін бірден №49 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды didar-gazeti.kz тілшісі.
Отбасылық өмір жолын өзгеше бастамақ болған жұбайлар – Жәнібек пен Мадина неке қиғызғаннан кейін тойға емес, бірден сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады.
– Бүгін біздің ел үшін тарихи күн. Сондықтан осы күнді тағдырымызбен байланыстырамыз деп шештік. Біз әділ әрі жарқын болашағымыз үшін дауыс бердік, – деді Жәнібек Ахметов.
Айта кетелік, сайлауға жасы 18-ден асқан әрбір қазақстан азаматы қатыса алады.

Осы айдарда

Back to top button