Қоғам

Тойда ән салған Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды ма?

«Той дегенде қу басы домалайтын» эстрада жұлдыздары тағы да сынға ілікті. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Қайрат Нұртастың Семейдегі мейрамханалардың бірінде тойда ән салғаны жайлы бейнежазба тарап, қалың көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Сонымен басты сұраққа көшсек, ақпарат рас па және әншіге айыппұл салынды ма? Бүгін ШҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қанат Тұрдиевтің онлайн кездесуінде дәл осы сұрақ қойылды.

– Соңғы уақытта осы сұрақ жиі қойылып жүр. Бұл факті бойынша Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жұмыс істеуде. Әлі жұмыс қорытындысы шыққан жоқ. Ал халықты қызықтырып отырған Қайрат Нұртас жайында іс-қағаздар карантиндік тәртіпті бұзғаны жайында тұрғылықты жеріне жіберілді. Сол тұрғылықты жері бойынша шаралар қабылданатын болады, – деді басқарма басшысы.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button