Қоғам

Той өткізу тыйылмай тұр

Семейде ұйымдастырылған кезекті рейд барысында жүз адамға арналған үйлену той өткізген мейрамхана анықталды.

Жұмылдыру тобы бұқаралық, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салғанына қарамастан, той жүріп жатқан мейрамхананы анықтады. Өкінішке қарай, шектеу шараларына қарамастан, семейліктер отбасылық шаралар өткізуде. Мейрамхана иелері өз мекемелерінің есіктерін жабу, келушілердің автокөліктерін мекемеден қашық жерлердегі көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға баруда. Бұл жолы да жұмылдыру тобы той жүріп жатқан мейрамхананы анықтады.

– Бізге біршама уақыт есікті ашпады. Екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам адам жиналған, күтушілерді қосқанда 120 адамнан асады. Шектеу шараларына қарамастан, тұрғындар бұқара халық жиналатын орындарға барып, отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. Бұл қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда ешқандай жол берілмейтін әрекет, – дейді “Семей – адалдық алаңы” штабының жетекшісі Дариға Дайырова.

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап Семейде барлығы 112 рейдтік іс-шара жүргізілді. 1543 кіші және орта бизнес нысандары тексеріліп, 210 бұзушылық анықталды.

Флора Левина

 Семей.

Осы айдарда

Back to top button