Денсаулық сақтауТОП

Тойға барғандардың тоғызы вирус жұқтырған

Өскеменнің Күленов кентінде мейрамханаға жиналған 16 адамның тоғызы коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікпен стационарға жатқызылды. Мұны қаланың бас санитария дәрігері Михаил Дерябин әкімдікте өткен баспасөз жиынында айтты.

Сәуір-мамыр айларын қоса есептегенде тіркелген науқастар саны 15 адамнан аспаған. Ал маусымда олардың саны күрт көбейіп кетті. Сол себепті қоєамдық тыңдау өтіп, қала аумағында шектеу шаралары қайта күшейтілетіні белгілі болды, – дейді Михаил Дерябин.

Қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақовтың айтуынша, отбасындаєы үлкенді-кішілі тойлар мен салт-дәстүр шараларын өткізуге тыйым салынды. Тіпті үйдің ішінде де жасауєа болмайды. Жуықта Күленов кентіндегі мейрамханаға шағын тойға жиналған 16 адамның тоғызы вирус жұқтырды деген күдікпен стационарға жатқызылды.

Жиынға қатысқан  Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов қала сыртына бақылау-өткізу бекеттері қойылмайтынын айтады.

– Патрульдер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Олар ереже бұзғандарға түсіндіру жүргізіп, тиісті шараларды қолданады, – деді ол.

Тасқын Болатұлы

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button