Қоғам

«Торпедо» сырт айдында «Дизельді» ұтты

«Торпедо» сырт айдында «Дизельді» ұтты

Жоғары хоккей лигасындағы кезекті кездесуін сырт айдында өткізген «Торпедо» командасы 1:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл жолы өскемендік жігіттердің қарсыласы Пензаның «Дизель» ұжымы болды.
Жерлестеріміз ойынның алғашқы кезеңінде-ақ есеп ашып, кімнің кім екенін бірден аңғартты. Алдымен командаластары А. Шин мен Д.Есіркеновтың пастарын ұтымды пайдаланған Е. Белухин қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Артынша кездесудің 12-ші минутында П.Канарский мен Е.Гасников бір-бірімен тамаша пас алмасу арқылы В.Жильяковқа соққы жасауға аса оңтайлы сәт туғызып берді. «Торпедо» шабуылшысы мүлт кеткен жоқ. Таблодағы есеп – 0:2. Қонақтардың пайдасына!
Соғылған екі бірдей шайбадан есеңгіреп қалған айдын иелері естерін үшінші кезеңде бірақ жинады. Жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қарап қалмауды ойлаған «Дизель» хоккейшілері бар шеберліктерін салды. Нәтижесінде матчтың 59-шы минуты аяқталар сәтте қонақтар сапынан Чистяков есеп айырмасын бір шайбаға қысқарта алды. Бірақ таразы басын теңестіруге олардың уақыттары да, күш-қайраттары да жетпеді. Өйткені матч бойы жанталаса шабуылдаған «Дизель» командасының жігіттері, тым шаршап қалған еді.
– Бүгін біз сапалы ойын өткіздік. Алайда біздің жігіттердің бұл кездесуде бар-жоғы екі шайба соғуы көңілге қонбады. Өйткені айдын иелері есеп айырмасын қысқартып қана қоймай матч соңына қарай теңестіруге тырысты. Әйтсе де шәкірттерім жақсы ойын өрнегін көрсетті, бірнеше қауіпті сәттер туғызды, – дейді «Торпедо» командасының бас бапкері Алексей Фетисов.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button