Қоғам

ТОП-50-ге енді

Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында республика бойынша ТОП-10 және ТОП-50 аймақ құрылды.
Шығыс Қазақстаннан ТОП-50 қатарына Катонқарағай, Глубокое аудандары мен Марқакөл ауылы кірді.
Маусымда туризм басқармасы Қазақстанның туроператорлары үшін ірі ақпараттық тур өткізуді жоспарлап отыр. Басқарма басшысы Марат Қабақовтың айтуы бойынша, олар жалпы алғанда 50 мыңға дейін туристі өңірге әкеле алады. Туроператорлармен Катонқарағай ауданында туристердің демалысын ұйымдастыру бойынша шарт жасалады.
– Бұл үшін әлеуметтік желіде түрлі бейнеролик, блогердің саяхаттары туралы қысқаметражды деректі сериал таратылып жатыр. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге таратылатын түрлі қысқаметражды роликтер іске қосылды. Бізде ай сайын жаңартылып отыратын сайт бар. Онда 72 туристік маршрут орналасқан, яғни кез келген туризм түрін таңдап, кез келген өңірге бару мүмкіндігі бар, – деді басқарма басшысы.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button