Қоғам

Тоғыз миллионнан астам шығын келген

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашеваның айтуынша, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде облыста барлығы 13 кәсіпкерлік нысаны бүлініп, зақымданып, оларға 9 миллионнан астам шығын келтірілген.  Оның 9-ы Өскеменде, 2-уі Семейде, 2-уі Аягөзде.

13 нысанның 9-ы сауда нысандары, 2-уі қоғамдық тамақтандыру саласының, 2-уі логистика саласының нысаны. Өскеменде зақымданған нысандардың көпшілігі Республика алаңы маңында орналасқан. Республика алаңы маңындағы кофехана, Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы гүл сату дүңгіршегі, Горький, 57 көшесіндегі ЖШС ғимараты, «Sulpak» дүкені, Қазақстан 68, 65/3 мекенжайларындағы сауда нысандары. Қаланың Сол жағалауындағы Логвин көшесіндегі дүкенге де шабуыл жасалып, терезесі, есігі сындырылып, бейнебақылау камералары қиратылған.  13 кәсіпкерлік нысанына келген шығын 9 миллионнан астам деп болжанып отыр.

Семей қалалық әкімдігі ғимаратындағы қоғамдық тамақтандыру орнына шабуылдап, қиратқандар сейф ішіндегі ақшаны, қазандар мен ет тартқыш, орындықтарға дейін ұрлап кеткен. Аягөз қаласының Терешкова көшесіндегі сауда нысаны, автобус паркінің техникасы да зақымданған.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button