Қоғам

Төрт рет еңбек жәрмеңкесі өткізілді

Азамат Темірбеков

Алтай ауданында жыл басынан бері төрт рет бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 230-дан астам адам жұмысқа қабылданған.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы басшылығының хабарлауынша, аталмыш жұмыстар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан көрінеді. Бүгінгі күні бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін 80100,0 мың теңге  қаражат бағытталған.

Жыл басынан бері аудан аумағындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қатысуымен төрт рет бос орындар жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде екі қолға бір күрек іздеген 235 азамат жүргізуші, слесарь-жөндеуші, құрылысшы, ағаш өңдейтін станок маманы, тігінші, есепші, тәрбиеші, медицина қызметкері, сатушы сияқты жұмыс орындарына орналасқан.

Сонымен қатар  әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесі бойынша орындарға жұмыссыз жүрген 120 адам тартылған. Оған қоса, қазіргі уақытта ауданның 20 тұрғыны электромонтер, кондитер мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктерін шыңдап жатыр.

Алдағы тамыз айында аудан тұрғындарына өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік беретін 1,2 млн. теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз гранттарды беру жүргізілмек. Осылайша, 50-ден астам грантты ұлттық жобаға қатысушы жастар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарының өкілдері алатын болады.

Осы айдарда

Back to top button