Қоғам

Төрт күн қатарынан боран соғады

«Казгидромет» РМК ШҚ филиалының ақпараты бойынша 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

– Тұрғындар барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет. Мүмкіндігінше елдімекеннен шықпауға ескертеміз, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзіңізбен бірге не алу қажет? Трос, күрек, шыныны тазалайтын қырғыш, шам, жылы киім, телефон, қуатталған PowerBank, ыстық шәй құйылған термос, көзге бірден түсетін мата.

– Жолға шығар алдында ауа-райы мен жолдардың жағдайын біліңіз,ол үшін Дармен ұялы қосымшасын жүктеуге болады. Республикалық жолдар туралы 26-28-08, облыстық жолдар туралы – 57-42-52 телефондарынан біле аласыздар, – дейді баспасөз қызметі.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button